Финляндияда биатлоннан әлем кубогының жетінші кезеңі өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан әлем кубогының жетінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Финляндияда биатлоннан әлем кубогының жетінші кезеңі өтіп жатыр

Кеше, яғни 8-наурыз күні басталған дода 11-наурыз күні өз мәресіне жетеді. Бұл кезеңде биатлоншылар спринт, аралас эстафета және масс-старт түрлерінен сынға түседі.

Жарыстың алғашқы күні ерлер 10 шақырымдық спринтте бақ сынаған болатын. Ал бүгін әйелдер 7.5 шақырымдық спринт жарысында сайысқа түседі. Жарыс Астана уақытымен 16:45- те басталады.

Ал, 10 наурыз күні сағат 12:40-та арлас эстафета (супермикст) жарысы басталса, 11 наурыз күні 12:30-да ерлер арасында 15 шақырым, масс-старт жарысы, 15:10-да әйелдер 12.5 шақырымдық масс-старт сайысында өнер көрсетеді.