05:02, 19 Сәуір 2014 | GMT +5
Финляндияда интернетке шығуға мүмкіндік беретін экранды ыдыс жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Финдер интернетке шығуға мүмкіндік беретін кофе шынаяғын жасап шығарды. Жаңа құрылғыда бірегей технология пайдаланылған.
Шынаяқ дисплеймен және Bluetooth модулімен жабдықталып, осы арқылы смартфонмен байланысқа шығуға болады. Экран ыдысқа ыстық су құйылған кезде пайда болатын энергиядан қосылады екен. Bluetooth көмегімен шынаяқ экранына кез келген фотосуреттерді, достардан келген хабарламаны, суреттер мен мәтінді орналастыруға болады. Сонымен қатар смартфонмен қосылғаннан кейін, оның экранында кофенің температурасын шығару мүмкіндігі бар. Аталған шынаяқ жаппай сатылымға 2015 жылдың басында шығарылмақ. Қазіргі кезде бұл инновация түрлі тестілеулерден өткізілмек, деп жазады шетелдік БАҚ.