Финляндияда қазақстандық дипломаттар Жеңіс күніне орай кеңес әскерлері монументіне гүл шоқтарын қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 9 мамырда Финляндиядағы Қазақстан, Ресей, Беларусь елшілігі ҰОС Жеңісінің 71 жылдығына орай кеңес әскерлері монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

   Финляндияда қазақстандық дипломаттар Жеңіс күніне орай кеңес әскерлері монументіне гүл шоқтарын  қойды

Финляндиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі, бар деректерге сәйкес, Финляндия аумағындағы соғыста қаза тапқан Қазақстанның 300-ге жуық тумасының сүйегі жатқанын мәлімдеді.

Порккала-Удд кеңестік әскери-теңіз базасының әскери зираты Киркконумми (Оңтүстік Финляндия) қаласына жақын орналасқан.