Финляндияда өткен турнирде екі қазақстандық боксшы финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксышылар Азат Махметов пен Айбек Оралбай Финляндияда өтіп жатқан халықаралық Gee Bee турнирінде алтын медаль үшін сайысқа түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Азат Махметов финалда 52 келіге дейінгі салмақ бойынша өнер көрсетеді.
Осы кезде команданың активінде 5 қола медаль бар. Үшінші орынды Жомарт Ержан, Талғат Шайкен, Жанболат Қыдырбаев, Тимур Ержанов және Нұрбек Оралбай алды.