02:36, 17 Ақпан 2013 | GMT +5
Финляндияда танкілердің қосалқы бөлшектері тиелген - Сирияға арналған ресейлік жүк ұсталды
АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Жұма күні Финляндияның кедені Ресейден (Санкт-Петербор) Сирияға бет алған әскери жүкті ұстады, деп хабарлады Deutsche Welle.

Хельсинки портында, жүк кемесінде танкілерге арналған қосалқы бөлшектер тиелген контейнер анықталды. Билік өкілдері жүктің заңсыз тасымалдануына байланысты тексеруді бастады. Өңірдегі ең ірі компаниялардың бірі - Finnlines-ке тиесілі MS Finnsun кемесінің экипаж мүшелері сұрастырылды.
Финляндияның Қорғаныс министрлігі кеден органдарына әскери жүкті тасымалдауға рұқсат алуға ешкімнен сұрау түспегендігін хабарлады. Еуроодақтың шешіміне сәйкес, ЕО мемлекеттері арқылы Сирия үшін қаруды және әскери жабдықты жеткізуге және тасымалдауға тыйым салынған.