Финляндияда темекі шегуді шектейтін әлемдегі ең қатал заң күшіне енді
Финляндияда жаңа заң күшіне енген күннен бастап 18 жасқа толмаған тұлғаларға темекі сатуға немесе басқа бір әдістермен беруге үзілді-кесілді тыйым салынады. «Кәмелетке толмағанға бір тал темекі сатылса да, ол қылмыс болып табылады», деп ескертеді фин министрлігі. Бұл заңды бұзғандарға айыппұл салынады, ал күрделі жағдайларда - 6 айға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.
Ең бастысы дүкендерде темекі өнімдерін сөрелерге көрсетіп қоюға тыйым салынып отыр - енді адамдар темекіні каталогтың көмегімен таңдайтын болады. Оған қоса, Интернет арқылы да темекі сатып алуға тыйым салынып отыр.
Ал 2015 жылдан бастап сауда автоматтары арқылы да темекі өнімдерін сатуға тыйым салынбақ.