Финляндияда тұратын қандастарымыз ұлттық-мәдени бірлестік құру ниетінде

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат -  Хельсинки қаласындағы Қазақстан Елшілігінде 19 қазанда Елші Ғалымжан Қойшыбаевтың Финляндиядағы қазақ диаспорасы өкілдерімен бірінші кездесуі өтті.
None
None

Елші Қазақстан мен Финляндия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастығының қарқынды дамуы мен халықтарымыздың арасындағы дәстүрлі достық байланыстардың нығайып отырғанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат жерлестерге Қазақстандағы экономикалық және саяси жағдай туралы, сонымен қатар шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты саясатқа түсінік беріп, олардың ұлттық-мәдени, рухани және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қазақ диаспорасымен бірлескен шаралар өткізу жөнінде нақты ұсыныстар жасады.

 Өз кезегінде диаспора өкілдері Финляндияда қазақстандық дипломатиялық өкілдігінің ашылуын қолдап, елден тыс тұратын отандастарға көңіл аударылғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Кездесу барысында диаспора өкілдері мәдени-гуманитарлық байланыстары дамыту жөнінде ұсыныс жасады. Оның ішінде жастар мен балаларға ана тілін үйрету, қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетімен таныстыру мақсатында Финляндияда қазақ ұлттық-мәдени бірлестікті құруды ұсынды.

Қазіргі уақытта бейресми мәлімет бойынша, Финляндияда 300 этникалық қазақ тұрады, деп хабарлады Финляндиядағы Қазақстан Елшілігінен.

Соңғы жаңалықтар