Финляндияда жараланған тиін ветеринарға өзі келген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Финляндияда орналасқан Сипоо қаласында ұсақ жануарларға арналған жергілікті ветеринарлық клиникалардың бірінде өз аяғымен келген бір клиентті емдеп шықты.

Финляндияда жараланған тиін ветеринарға өзі келген

Ветеринар Самуль Хейсканеннің сөзіне қарағанда, тиін өзі келген. Есіктен жүгірген күйі кірген ол мұның шалбарының балағына кіріп кеткен. Дереу оны көтеріп алған дәрігер жануардың мұрнынан қан ағып жатқанын және оның тым жүдеу екенін байқаған.

Дереу шприц арқылы су беріп, алмұрт, алма, сұлы қауызы мен қара бидай нанымен тамақтандырған. Тиіннің жағдайы едәуір жақсарды. Ветеринардың пікірінше, шамасы ол ұядан құлап түскендіктен, мұрнынан қан аққан.