Финляндиядағы АЭС-та радиактивті отын төгілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финдердің Балтық теңізіндегі Ботникалық шығанағының жағалауындағы аралда орналасқан «Олкилуото» АЭС-ында ядролық отын төгілді. Стансаның бірінші блогында радиактивті заттың реактор құбырында кемуі анықталған, деп хабарлайды YLE телерадиокомпаниясы.

Финляндиядағы АЭС-та радиактивті отын төгілді

Жергілікті Ядролық және радиациялық қауіпсіздік орталығынан (STUK) ел тұрғындарын оқиғаның салдары қоршаған ортаға қауіп төндірмейді ден сендіріп бақты. Электр қуатын өндіру бөлімінің басшыыы Микко Косонен хабардың жайсыз екендігін растап, бірақ аса күрделі мәселе емес деп мәлімдеді.
«Станса жұмысы кезінде осындай жағдайлар 40-қа жуық рет орын алған», - деп атап өтті ол. Басылымның хабарлауынша, АЭС-тағы жөндеу жұмыстары бір аптаға жуық уақытқа созылады. Электр қуатын өндіру жөндеу жұмыстары кезінде, дүйсенбі, 11 сәуірден бастап тоқтатылған.
Реакторды тексеруден кейін үш өзекті жоспардан тыс ауыстыру туралы шешім қабылданды. Активті аймақта барлығы шамамен 500 отындық элемент пайдаланылуда.
Еске сала кетсек, «Олкилуото» АЭС-ы 1978 жылы пайдалануға берілген. Стансаның екі реакторы Финляндиядағы электр қуатының 16 пайызын өндіреді. 2005 жылы Финляндияда АЭС-тың үшінші блогының құрылысы басталды, алайда қазіргі кезде оның қашан пайдалануға берілетіні белгісіз.

Фото: Hannu Huovila / TVO