Финляндияның Finnair әуе компаниясы ұшар алдында жолаушылардың салмағын өлшейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Finnair әуе компаниясы ұшақтағы жүктің қаншалықты екендігін білу үшін ұшу алдынан жолаушылардың салмағын өлшейді, деп жазады Metropolitan.
Салмақ өлшеу ерікті түрде жүзеге асырылады. Компания оны 2017 жылдың қарашасынан бастамақ. Finnair әр рейстің шамамен 100-150 жолаушысы мен олардың жүгі туралы мәлімет жинай алатынына үміт артып отыр. Компаниядағылар өз салмағын жолаушының тек өзі ғана біле алатындығын, ал жалпы ақпарат мәліметтер базасында анонимді түрде жинақталатындығын айтады.
Қазір компания Еуропа Авиация қауіпсіздігі агентігінің (EASA) 2009 жылғы мәліметтеріне иек артады. Агенттіктің деректеріне қарағанда, қол жүгі бар ер адамның орташа салмағы - 88 кг, әйелдер - 70 кг, 12 жасқа дейінгі балалар - 35 кг айналасында болады.
2012 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша, финдердің орташа салмағы 85,5 кг, әйелдер 70,4 кг шамасында, деп жазады басылым.