«Фиона дауылы» Пуэрто-Рикоға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3,3 млн халқы бар Пуэрто-Рико аралының басым бөлігі электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Америка дауысы» басылымына сілтеме жасап.
Фиона дауылы Пуэрто-Рикоға жексенбі күні жеткен. Дауылдың эпицентрі аралдың оңтүстік-батыс жағалауында болды. Елдегі Ұлттық дауыл орталығының мәліметінше, жел жылдамдығы сағатына 140 шақырымға жеткен.
Жергілікті билік 3,3 млн халқы бар аралдың басым бөлігі электр қуатынсыз қалғанын хабарлады. Толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны мен көшкін туған.
Фото: www.golosameriki.com