Фирдоуси мен Омар Хайямның шығармашылығына арналған поэзия кеші өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуірдің 25-інде Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде Әбілқасым Фирдоуси мен Омар Хайямның шығармашылығына арналған поэзия кеші өтеді.
None
None

Ортағасырлық парсы ақындарының әдеби жауһарларын насихаттауға арналған шараны жоғары оқу орнының 80 жылдығы мен «100 кітап» аясында «Гүлстан» үйірмесі және Иран орталығы ұйымдастырып отыр.

Айта кетейік, қос шайырдың туған күндері күн күнтізбесі бойынша урдибехешт, яғни сәуір және мамыр айларына тура келеді. Сонымен қатар басқа парсы ақындарымен салыстырғанда, Фирдоусидың «Шахнамасы» мен Омар Хайямның рубаилары өзге тілдерге, соның ішінде қазақ тіліне де көп аударылған. Поэзия кешінің мақсаты - студенттерді жыр алыптарының шығармашылығымен таныстырып, парсы поэзиясының қыр-сырларына қанықтыру.

Айтулы шараға оқытушылар, студенттер мен арнайы шақырылған қонақтар қатысады. Онда оқытушылар әлемге әйгілі жыр дүлдүлдерінің шығармалары туралы ғылыми зерттеулерін ортаға салмақ. Ал студенттер Омар Хайямның рубаиларын оқудан сайысқа түседі. Сондай-ақ кеш барысында «Біз және Шахнама» байқауы өткізілмек, деп хабарлайды qazaq-alemi.kz.

Соңғы жаңалықтар