Фирмааралық берешектен елімізге және салық төлеушілерге еш қауіп жоқ - Ұлттық банк төрағасы

АЛМАТЫ. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның сыртқы борышы ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында фирмааралық берешекті қоспағанда 3,7 миллиард долларға төмендеді.

Фирмааралық берешектен елімізге және салық төлеушілерге еш қауіп жоқ - Ұлттық банк төрағасы

Ұлттық банк төрағасының бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай айтылды.

«Қазақстанның сыртқы борышына алғашқы жартыжылдықта банктердегі берешектерді қайта құрылымдау әсер еткен жоқ. Фирмааралық берешектер 5,1 милиард долларға өсті. Өйткені ірі шетелдік инвесторлар инвестицияны өздерінің Қазақстан аумағындағы еншілес не бірлескен компанияларына қарыз деп тіркейді. Одан бірақ, елімізге және салық төлеушілерге ешқандай қауіп жоқ», дейді Григорий Марченко.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, мемлекеттік қарыз Қазақстанда өте төмен. Банктердің қарыздары да біртіндеп азайып келе жатыр. Алғашқы жартыжылдықта елдің жалпы сыртқы борышы 11436 милиард долларды құрады. Оның 48 пайызын фирмааралық берешектер, 22 пайызы банктердің сыртқы міндеттемелері құрады. Жалпы сыртқы борыштың жалпы ішкі өнімге қатынасы 98,6 пайыздан 89,6 пайызға, ал тауарлар мен қызмет көрсету экспортына қатысы 189,1 пайызға төмендеді.