Фируза Шәріпова BoxRec рейтингінде бірден 19 орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова (7-1, 4 КО) болгар қызы Милена Колеваны (9-10-1, 3 КО) жеңгеннен кейін BoxRec.com белді порталының рейтингінде өз позициясын жақсартты. Бұл туралы Sports.kz  хабарлады.

Фируза Шәріпова BoxRec рейтингінде бірден 19 орынға көтерілді

Шәріпова жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингте 33-орыннан 14-ке бірақ көтерілді.

Еске салайық, 26 тамыз күні Астанада көптен күткен бокс кеші өтіп, оның басты айқасында Фируза Шәріпова мен Милена Колева қолғап түйістірді. 10 раундтық кездесуде қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Фируза WIBA және WBU нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.