Фируза Шәріпова IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері Фируза Шәріпова IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Светлана Кулакованы жекпе-жекке шақырды. Бұл жайында спортшы өзінің Инстаграмдағы парақшасында видеоүндеу жариялау арқылы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фируза Шәріпова IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

«Светлана Кулакова, сенімен жекпе-жекке шығу үшін екі салмақ санатына жоғары көтерілуге дайынмын. Жекпе-жектен бас тартпа. Көрермендерге әдемі жекпе-жек сыйлайық»,-  деді ол өзінің видео үндеуінде.

Фируза Шәріпова кәсіби рингтегі алғашқы кездесуін 2016 жылдың 21 мамырында өткізген болатын. Сол кезде ресейлік Софья Очигаваға ұпай санымен есе жіберген еді.

Светлана Кулакова - ресейлік спортшы, боксшы әрі кикбоксер. Әуесқой спортшылар арасында кикбоксингтен әлем чемпионы (2011), Еуропаның төрт мәрте чемпионы, кәсіби спортшылар арасында кикбоксингтен әлем чемпионы (2010), әуесқойлар арасында бокстан әлем (2002) және Еуропа (2003) чемпионаттарының қола жүлдегері. Сонымен қатар оның бірінші орта салмақта кәсіби бокстан уақытша әлем чемпионы (WBA, 2013-2014) атағы бар.