Фируза Шәріпова UFC тарихындағы үздік чемпионды нокаутқа жібермек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокста екі салмақ санатындағы әлем чемпионы, қазақстандық Фируза Шәріпова UFC чемпионы бразилиялық Аманда Нуньесті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports.kz порталы AllFight.Ru-ға сілтеме жасап.

Фируза Шәріпова UFC тарихындағы үздік чемпионды нокаутқа жібермек

«Кіші Рой Джонс UFC президенті Дана Уайттың досы. Қазір біз Рой Джонстың командасымен жұмыс істеп жатырмыз. Олардан екі салмақ санатындағы UFC чемпионы Аманда Нуньеспен жекпе-жек ұйымдастыруға көмектесуін сұраймын. Мен оны нокаутқа жібергім келеді. Аманданы Кристина Жустиноны жеңгенімен құттықтаймын, ол тамаша өнер көрсетті. Осы жекпе-жекті асыға күтіп едім, өйткені оның жеңімпазымен кездескім келеді. 2019 жылы осы жекпе-жекті ұйымдастыруын сұраймын», - дейді Фируза.

Еске сала кетейік, Фируза 2019 жылдың көктемінде WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, фин боксшысы Ева Вальстреммен айқасады. Егер жеңсе, екінші жартылай жеңіл салмақтағы үздік боксшы атанады.