Фируза Шәріпова WBA рейтингінде өз орнын сақтап қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үш салмақ санатында әлем чемпионы, қазақстандық Фируза Шәріпова WBA-дің жаңартылған рейтингінде екінші орынды сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Фируза Шәріпова WBA рейтингінде өз орнын сақтап қалды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) – кәсіпқой бокс бойынша 4 беделді халықаралық ұйымның бірі.

Әйелдер арасында жеңіл салмақтағы басты белдік бұрынғыша әлемнің абсолютті чемпионы, ирландиялық Кэти Тейлорға тиесілі.

Ф.Шәріпова рейтингіде Бельгияның танымал боксшысы Дельфин Персуннан, Олимпиада чемпионы, француз Эстель Мослиден (6-орын) және Кэти Тейлордың қарсыласы болған Наташа Джонастан (11-орын) алда тұр.

Айта кетейік, К.Тейлор мен Н.Джонастың айқасы тең дәрежеде өтті. Дегенмен, Джонас оппонентінен болмашы есеп айырмасымен жеңіліс тапты: 96-95, 96-94, 96-95. Кепілді гонорар: Тейлорда – 1,38 млн доллар, Джонаста 485 мың долларды құрады. Н.Джонас бұл жеңілісіне дейін WBA рейтингінде 4-орында тұрған болатын. Ф.Шәріпова сол уақытта да 2-орында болған еді. Сондай-ақ қазақстандық боксшы әлемнің абсолютті чемпионымен жекпе-жек өткізуге үміткер.