Фируза Шарипова WIBA атағын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Санкт-Петербург қаласында өткен кезекті жекпе-жегінде танымал ресейлік қарсыласын жеңіп, WIBA атағын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фируза Шарипова WIBA  атағын жеңіп алды

WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver белбеулерінің иегері қазақстандық Фируза Шарипова (8-1, 4 КО) мен ресейлік Юлия Куценконың арасындағы жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқтады. Бокс кешін Қазақстанда «Хабар» телеарнасы тікелей трансляция жаса, оны әлемнің 100-ден астам елі тікелей эфирде көрсетті.

Бокс кеші 8 қыркүйекте Санкт-Петербургте «А2» аренасында өтті.

Бокс кешінің нәтижесінде қазақстандық боксшы қыз қарсыласы Куценконы кәсіби бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты. 10 раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.

Осылайша, отандасымыз өзінің титулдарын қорғап ғана қоймай, жеңіл салмақта WIBA чемпионы атағына ие болды.