Фируза Шарипованы америкалық бапкер АҚШ-қа шақырды
АСТАНА. ҚпазАқпарат - Майк Тайсон және Артуро Гаттиді жаттықтырған америкалық бапкер Бадди МакГирт қазақстандық боксшы қыз Фируза Шарипованы АҚШ-қа шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Боксшы аруымыз өзін шақырған МакГирттің бейнежолдауын Instagram желісіндегі жеке парақшасына жүктеді.
«Сәлем, Фируза. Жекпе-жек өткізуіңмен құттықтаймын. Бұған дейін айтқанымдай, тамаша жеңіс болды. Бірге чемпион атану үшін сені АҚШ-та күтемін», - дейді бапкер.