Фируза Шарипованың Алматыдағы айқасына әлемге танымал төреші тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 желтоқсан Алматыда өтетін қазақстандық әлем чемпионы Фируза Шарипова мен оның қарсыласы Джемилла Гонтарюктің жекпе-жегінде рингтегі барлық ережелердің сақталуын танымал төреші Даниэль Ван де Виль қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Sports.kz .
Қазақстандық спортшының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл төрешінің қызметтік тізімінде әлем бойынша 1 300 бокс айқасы бар. Олардың ішінде әлемдік бокс тарихына кірген жекпе-жектер де бар.
Танымал төрешінің қызметтік тізіміне Майк Тайсон, Леннокс Льюис, кіші Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо және көптеген бокс жұлдыздарының қатысуымен өткен айқастар кіреді.
Еске салайық, 30 желтоқсанда 12-мың адамдық Almaty Arena-да екінші жартылай жеңіл салмақта IBO және WBC Silver әлем чемпионы титулы үшін әлем чемпионы Фируза Шарипова бельгиялық Джемилла Гонтарюкке қарсы қарсы он раундтық жекпе-жек өткізеді. Егер қазақстандық спортшы осы кеште жеңіске жетсе, екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанады.