Фируза Шарипованың келесі жекпе-жегі қараша айында өтеді

None
None
АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Фируза Шарипованың кезекті жекпе-жегі биыл қараша айында өтеді. Бұл туралы қазақстандық спортшының менеджері Сергей Завилевский ЭКСПО-2017 көрме кешенінің медиа-орталығында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. 

«Біз кезекті жекпе-жекті шамамен қараша айына жоспарлап отырмыз. Бұл жекпе-жек басқа салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл не 59 килограмдық бельгиялық, не 63,5 килограмдағы Светлана Кулакова болады. Бұл екеуі әзірше біздің кездескіміз келген негізгі қарсыластарымыз», - деді С.Завилевский.
Оның айтуынша, жекпе-жек Фирузаның туып-өскен қаласы Таразда, не Алматыда, не Астанада өтуі мүмкін. Егер Шарипова Бельгиядан келген қарсыласымен бокс алаңына шықса, онда бірден екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атануы мүмкін. Егер жекпе-жек ресейлік Светлана Кулаковамен өтсе, онда IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулында қала береді. Менеджер Ф.Шарипованың әлемдік рейтингіде ТОП-15 қатарына енгенін атап өтті. Оған Парижде француз спортшысына қарсы жекпе-жек өткізу жөнінде ұсыныс түсті.
Өз кезегінде, Фируза Шарипова жаңа титулдарды жеңіп алып, оларды біріктіру және абсолюттік әлем чемпионы атану үшін ең мықты деген қарсыластармен жекпе-жекке шыққысы келетінін атап өтті.
Еске сала кетсек, 26 тамыз күні ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің бокс кеші аясында Фируза Шарипова Болгариядан келген Милена Колчеваға қарсы титулдық жекпе-жекке шығып, Қазақстаннан қыздар арасында алғаш жеңіске жеткенін және кәсіпқой рингте әлем чемпионы атанған.
Ф. Шарипова WIBA және жеңіл салмақта WBU нұсқалары бойынша чемпион.

Соңғы жаңалықтар
telegram