FISU президенті Қазақстан делегациясына Универсиада жалауын табыстады

МАДРИД. ҚазАқпарат - Бүгін Испанияның Гранада қаласында Алматыға Универсиада жалауын табыстау рәсіиі өтті, онда 2017 жылы Бүкіләлемдік студенттік ойындар өткізілдеді.

FISU президенті Қазақстан делегациясына Универсиада жалауын табыстады

Бүкіләлемдік студенттік ойындар федерациясының президенті Клод-Луи Галльен Алматы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжоловаға Универсиада жалауын табыстады.

«Біз үшін 2017 жылы Бүкіләлемдік студенттік ойындарын өткізу үлкен мәртебе. Біз шараны жоғары деңгейде өткіземіз. Алматыға қош келдіңіздер!», - деді З. Аманжолова.

Қазақстан тарапынан іс-шараға ҚР БҒМ вице-министрі Тахир Балықбаев, ҚР Мәдениет жіне спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров, Студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Закирьянов, сондай-ақ елшілік пен Алматы әкімшілігінің өкілдері қатысты.