Fitch агенттігі Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін қайта қарамақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 31 наурыз - 1 сәуір аралығында Қазақстанға оның егеменді кредиттік рейтингін мониторинг жасау шеңберінде Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі сарапшыларының кезекті сапары өткізілді. Бұл туралы ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
«Сапар барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау және Қаржы министрліктері, Ұлттық банкі, «Самұрық-Қазына» қоры басшылығымен, сондай-ақ Дүниежүзілік банкі, ҚР-дағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі офисімен кездесулер ұйымдастырылды.
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігінде бюджеттік жоспарлау және фискалды саясат, қаржылық жүйе, Ұлттық қор қаражатын қолдану, бірыңғай зейнетақы қоры және басқа мәселелері талқыланды», - деп жазылған баспасөз хабарламаснда.
Ережедегідей, сапар қорытындылары бойынша Fitch сарапшылары ҚР-дың егеменді кредиттік рейтингін растау немесе өзгерту туралы тиісті баспасөз-хабарламаны жариялайды.