ФҚҚ Сочиде өтетін Олимпиада қонақтарының телефон қоңырауларын тыңдап отырмақшы

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Олимпиадада көрермендердің телефон қоңыраулары мен интернет-белсенділігі бақылауға алынады. Оған қарсы болғандарға ноутбуктері мен смартфондарын үйде қалдыруға кеңес берілді.
Осыған дейін Сочиде ойын кезінде тегін Wi-Fi интернеті және 4G желісін пайдалануға болатыны белгілі болды. Мамандардың сөзіне қарағанда, ол арнайы қызметтердің көрермендер жайлы ақпарат алып отыруына қолайлы болмақ. Мұндай талап барлық байланыс операторларына қойылды.
Бақылау үшін арнайы қызметтегілер құпия сөздер мен сөйлемдер арқылы көрермендер жоспарын біліп отырады. Сонымен қатар, Сочидің үстінен ұшқышы жоқ екі ұшақ бақылап тұрадыоған қоса, аспаннан ұшқышсыз ұшақтар бақылайды.
Аталған қауіпсіздік шаралары 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиададағы талаптарға ұқсас болғанмен, бұл Олимпиада тарихында қатысушылар мен көрермендер сыртынан бақылаудың ең ауқымды түрі болмақ.