Флоренция билігі қаланың тарихи орталығында тамақ жеуге тыйым салмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда Флоренция билігі қаланың тарихи орталығында тамақ жеуге тыйым салу бастамасын көтерді. Ереже бұзғандарға 150-500 еуро төңірегінде айыппұл салынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА CNN-ге сілтеме жасап.

Қала мэриясының 4 қыркүйек күні күшіне енген қаулысы адамдардың қаланың тарихи орталығында тротуарларда, жолдарда, дүкендер мен үйлердің маңында жүрек жалғауына тыйым салады.

Қаулының күші жүретін Via de 'Neri, Piazzale degli Uffizi, Piazza del Grano және Via della Ninna көшелері қаланың ең адам көп жүретін көшелері болып табылады. Онда түс кезінен кешкі үшке шейін және 18:00 - 22:00 аралығында тамақтануға тыйым салынды. 

Қала мэрі Дарио Нарделла Facebook-те тарихи үйлердің, шіркеулердің баспалдақтарында жүрек жалғап отырған адамдар басқа туристердің жүруіне кедергі жасайтынын, соның салдарынан кептелістер болатынын жазды. Қала басшысының айтуынша, туристердің арасында қоқсық тастайтындар да жиі кездеседі.

Айта кетейік, жыл сайын Флоренцияға 10,2 миллиондай турист келеді.

Еске сала кетейік, Римде де субұрқақтардың алдында тамақ жеуге тыйым салынған. 

Соңғы жаңалықтар