Флорида штатындағы ойын-сауық саябағына найзағай түсіп, 8 адам зардап шекті
АСТАНА. 17 тамыз. ҚзаАқпарат - Сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша түстен кейін Флорида штаты Орландо қаласында SeaWorld's Discovery Cove саябағына жай түсіп, сегіз адам зардап шекті, деп хабарлайды INFOX.ru. агенттігі.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, саябақтың бес қызметкері мен үш келуші зардап шегіп, олардың барлығы да жергілікті ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың өмірі қауіпсіз жағдайда.
SeaWorld's Discovery Cove әкімшілігі оқиғаның бүге-шігесін нақты айтпай отыр.