Флорида штатының екі тұрғыны лотереядан 414 млн. доллар ұтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Mega Millions жалпыұлттық лотереясының 414 млн.доллар құраған джекпотының жеңімпаздары белгілі болды.
Сейсенбі күні лотерея өкілдері аяқ астынан бақытқа кенелген жандардың Флорида штатының тұрғындары - 35 жастағы Рэймонд Мойер және Робин Коллиер екендігін мәлім етті. Олар өздері туралы ешқандай мәлімет бермей отыр. Тек белгілі болғаны, ұтыс билеті Флориданың Мерритт-Айленд жарты аралындағы супермаркетте сатылған. Дүкен иесі өзіне тиісті төленетін 100 мың доллар комиссиялық қаржыны алып та үлгерді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.