Флоридада ит иесін аюдан құтқарып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Флоридада Ральф атты ит өзінің иесін - 15 жастағы Лия Ридерді аюдың тырнағынан құтқарды, деп хабарлайды ABC News.
Ридер аяқ астынан аю шыға келіп тарпа бас салған кезде итімен бірге үйінің маңында қыдырып жүрген.
«Мен жерге екпетімнен құладым. Аю арқамнан тістей бастады»,-дейді ол.
Осы сәтте ит жыртқыш аңға ұмтылып оны талай бастаған әрі қатты үрген. Мүмкін содан да болар аю қорқып, қаша жөнелген көрінеді.