Флоридада қолтырауын қарбыз ұрлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Флорида штатында бақшадан қарбыз ұрлаған қолтырауын «қылмыс» үстінде ұсталды. Бұл туралы Facebook желісінде ауыл шаруашылығы қылмыстарымен күрес бөлімі парақшасында хабарланды.
Онда, «Хендри округінде бақшадан қарбыз ұрламақшы болған қолтырауын ұсталды», - деп жазылып, қарбыз тістеп ап өзенге бет алған қолтырауынның суреті салынған.
Associated Press агенттігі хабарлағандай, фото жабайы табиғатты зерделеуші биолог Стив Стиглерді таң қалдырды. Ол бұл қызық тосын да, қызық жағдай екенін, әдетте, қолтырауындар қарбызды тағам ретінде тұтынбайтынын атап өтті.