Флоридадағы сұрапыл дауыл: 26 округте төтенше жағдай жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Флорида штатының губернаторы Рон ДеСантис Дориан дауылының төнуіне байланысты төтенше жағдай режімі енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат NPR-ге сілтеме жасап.

Флоридадағы сұрапыл дауыл: 26 округте төтенше жағдай жарияланды

«Флорида штатының губернаторы РонДеСантис дауылдың қозғалыс траекториясында орналасатын 26 округте төтенше жағдай жариялады», - делінген хабарламада.

Дауылдардың ұлттық орталығының мәліметтеріне сәйкес, Дориан дауылы өңірге 30 тамыз, жұма күні жетеді.

Осы аптада және келесі аптаның басында Багам аралдарында, Флорида штаты мен оңтүстік-шығыс Американың басқа елдерінде нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде.

Сондай-ақ, штат губернаторы федералдық және жергілікті ведомстволарға Дориан тропикалық дауылының зардаптарын жоюға көмектесуге тапсырма берді.