Флоридалық пастор қыркүйектің 11-інде Құранды өртеуден бас тартты

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Өз приходына келушілерді қыркүйектің 11-інде Құранның көшірмесін өртеуге шақырған флоридалық пастор Терри Джонс бұл шараны өткізуден бас тартқанын мәлім етті, деп хабарлады бейсенбі күні американдық бұқаралық ақпарат құралдары.

Флоридалық пастор   қыркүйектің 11-інде Құранды  өртеуден бас тартты

Dove World Outreach Center шіркеуі пасторының айтуынша, Нью-Йорктегі жаңа мешіттің лаңкестер жойған Дүниежүзілік сауда орталығы мұнараларынан қашықтау салынатындығы туралы оған уәде берілгеннен кейін, ол ертеңге жоспарланған акциядан бас тартқан-мыс.

«Әрине, біз қазір кімде-кімнің Құранды өртегеніне қарсымыз. Біз адамдарды олай етпеуге шақырамыз және сеніміміз нық. Қазір ондай әрекетке баратын уақыт емес»,- деді пастор бейсенбі күні Гейнсвилл қаласында баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде.