16:50, 05 Сәуір 2023 | GMT +5
Fly Arystan Air Astana-дан бөлініп шыққанда билет арзандауы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандағы FlyArystan әуе компаниясы 2024 жылы жеке бөлініп шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бекітілген кезеңдік жоспарға сәйкес, 2024 жылы «Эйр Астана» АҚ-дан жеке заңды тұлға ретінде Fly Arystan құрылымдық бөлімшесінің бөлінуі ескеріліп отыр. Бұл қадам бәсекелестік ортаны дамытуға, нарық субъектілері арасындағы бәсеке арқылы әуе билеті құнын төмендетуге оң әсер етеді», - деді А. Ыдырысов Сенатта еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты жиын барысында.
FlyArystan – алғашқы қазақстандық лоукостер әуе компаниясы және Air Astana ұлттық тасымалдаушысының құрылымдық бөлімшесі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 10-ға жуық халықаралық бағыт бойынша рейстер ашылмақ.
Қазіргі кезде әуе көлігі саласында 6 қазақстандық тасымалдаушы 56 ішкі бағдар бойынша аптасына 706 рейсті орындап келеді.