FlyArystan басшысы баланың әуежайда қалып қою оқиғасына қатысты кешірім сұрады
АСТАНА. KAZINFORM – FlyArystan басшысы Ричард Леджер биыл 21 шілдеде «Астана-Орал» рейсіндегі әуе компания ұшағына 12 жасар қыз баланың жіберілмеуі оқиғасына қатысты кешірім сұрады.
«Бұл жағдай қоғамда қызу талқыға түсті және осындай оқиғаларға алдағы уақытта жол бермеу керек. Біз жедел түрде тексеруді бастап кеттік. Осы ретте, тиісті өзгерістер енгізіп, балаларға қызмет көрсету бойынша стандарттарды түзету ескерілген. Сонымен қатар Қазақстанның еңбек заңнамасында қарастырлған талаптар бойынша шара қолданамыз», - деді Р. Леджер елордада әуе көлігі тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.
Компания басшысы осыған дейін 12 жасар балаға қатысты оқиға бойынша оның туыстарынан кешірім сұрағынан айтты.
«Бұл жағдайға қатысты тағы да кешірім сұраймын. Мұндай жағдай қайталанбауы тиіс», - деді FlyArystan басшысы.
Айта кетейік, FlyArystan-ның 12 жасар қызды әуежайда қалдырып кетуі оқиғасы бойынша компания жауапқа тартылғанын хабарлаған едік.
Бұл оқиға қоғамда біраз талқыланды. Осыдан кейін FlyArystan басшысы Оралда егіздердің анасы Жазира Мусинамен кездесті.