FlyArystan бір айда 50 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - FlyArystan алғашқы айдағы операциялық жұмысының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

FlyArystan бір айда 50 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады

Алғашқы қазақстандық лоукостер 2019 жылдың мамыр айында 50 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады. Өткен айда орындалған рейстер саны 309 болса, оларды уақытылы орындау көрсеткіші 94% жетті, ал әуекемелердің жүктеме коэффиценті 93% асып түсті.

Әуекомпания сайтында 26 қазанға дейін ұшуды жоспарлаған жолаушылар үшін билет сатылымы ашық. Сол себепті мамырдың соңына дейін сатылған 125 000-нан астам билеттердің 60% көбі - бірнеше ай бұрын сапарларын жоспарлап, келешекте саяxатты орындауды жөн көріп отырған жолаушылар саны екенін атап кеткен жөн.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық лоукостер 30 мамырдан бастап оңтүстік астанадан Нұр-Сұлтан, Тараз, Орал мен Қарағанды шаһарларына орындалатын рейстерге қоса жаңа Алматы-Павлодар-Алматы және Алматы-Шымкент-Алматы бағыттары бойынша да қатынай бастады.