FlyArystan-да қаражат ұрлау фактілері анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — FlyArystan әуекомпаниясының басшылығы қаражат ұрлау фактілерін анықтап, тәуелсіз тергеу жүргізу үшін аудиторлық компанияға жүгінді. Бұл туралы ақпаратты Air Astana компаниясының баспасөз қызметі таратты.

FlyArystan
Photo credit: Kabar

 — Тергеу нәтижелері бойынша ұрлық фактілері расталды, осыған байланысты әуекомпания кінәлі адамдарды анықтау және материалдық залалды өтеу үшін құқық қорғау органдарына жүгінді. Компания бұл соманы 9 айдағы қаржылық есептілікте толық ескерді. Тергеу мүддесі үшін қосымша егжей-тегжейлер жария етiлмейдi. FlyArystan өз қызметінде алаяқтық пен заңсыздыққа мүлдем төзбейді, — делінген компания хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ұшақтардың жиі кешігуіне байланысты ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті  Air Astana мен FlyArystan компанияларына жоспардан тыс тексеру жүргізетінін мәлімдеді. 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар