FlyArystan Оралға жасалатын ішкі рейстерді тоқтатады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - FlyArystan ішкі бағыттар бойынша Оралдан және Оралға жасалатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 тамыздан бастап Орал қаласының әуежайында операциялық шектеулердің енгізілуіне байланысты FlyArystan ішкі бағыттар бойынша Оралдан және Оралға жасалатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр болып отыр.

Шектеудің себебі - Орал әуежайының хабарламасы. Онда «ұшып-қону жолағы мен перронның жасанды төсеміне түсетін салмақ пен қарқынына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шектеу қойылады» делінген.

Әуекомпания жолаушыларға билет құнын толықтай қайтарады немесе басқа ішкі бағыттар бойынша қайта тегін брондауды ұсынады.

Қайта брондау және билетті қайтару үшін компанияға жүгіну қажет:

- Бағытты өзгерту үшін байланыс орталығына хабарласыңыз.

- WhatsApp (қоңырау қабылданбайды): +7 702-702-02-27

- Live Chat парақшасына жазыңыз

- Электронды пошта: [email protected]

Егер билет онлайн агенттікте/кассада/туристік агенттікте сатып алынған болса, сол сатып алған жеріңізге хабарласу қажет.

Толық қайтару билетті сатып алған жерде рәсімделуі тиіс:

- FlyArystan мобильді қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында «Брондау және брондауды өзгерту» бөлімінде – «Брондауды өзгерту».


Соңғы жаңалықтар