FlyArystan Павлодар-Алматы рейсінің неліктен бір тәулікке жуық кешіккенін түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - FlyArystan кеше Павлодардан Алматығу ұшуға тиіс рейс неліктен кешіккенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 маусым күні 19:10-да орындалатын КC7132 Павлодар - Алматы рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіккен.

Рейс Павлодар қаласының жергілікті уақыты бойынша 5 маусым сағат 14:30-да ұшады деп жоспарланып отыр.

Әуекомпания өндірістік кідірістің себебін жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

«Бұл рейстің жолаушылары қонақ үйге орналастырылды, сусын мен ыстық тамақ берілді. Біз жолаушылардан бұл қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және біз ұшу қауіпсіздігіне ерекше назар аударатынымызды хабарлаймыз» деп мәлім етті компаниядан.

Рейс кешіккен кезде қолдау көрсетудің мынадай ережелерін бар:

- Рейс екі сағаттан артық кешіккен кезде:

жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электронды пошта хабарламасын сұрай алады.

- Төрт сағаттан артық кешіккенде, ыстық тамақ ұсынылады.

Сусын мен тағам мәселесі бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне хабарласу керек.

- Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.

- Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар толық билет қайтарымын жүзеге асыра алады.

- Күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнде 6 сағаттан артық кідіріс болса, жолаушыларға қоныстануға, сондай-ақ қоныстану жеріне дейін және кері қарай трансфер қарастырылады.

Аталған мәселе бойынша жолаушылардан FlyArystan өкілдеріне хабарласуды сұраймыз, барынша қолдау көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар