FlyArystan ұшағынан ақау шықты: Астана әуежайы тексеріледі

 Астана халықаралық әуежайы
Фото: Астана халықаралық әуежайы

АСТАНА. KAZINFORM — Астана әуежайы ұшақта болған оқиғалардан кейін тексеріледі. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.

«Көлік министрлігінің тапсырмасына сәйкес Қазақстанның авиациялық әкімшілігі соңғы уақытта әуе кемелеріне келтірілген залал оқиғаларының жиі болуына байланысты елордалық әуежайда жоспардан тыс инспекциясы өткізеді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Air Astana компаниясы 5 тамыз күні Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшақтарының бірінен ақау шығып, салдарынан ұшақтың бірнеше күн бойы мәжбүрлі тұраққа қойылғанын хабарлады. Әуежай баспалдақтарын дұрыс қолданбаудың салдарынан ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum