14:17, 07 Желтоқсан 2012 | GMT +5
«Фольцваген - В6» көлігі «Ниваның» тұмсығын жұлып кетті
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанадағы Бейбітшілік көшесі бойында жол-көлік апаты орын алды. «Фольцваген - В6» көлігі «Ниваға» соғылып, оның алдынғы жағын опырып тастады.

Болжам бойынша қатты жылдамдықпен келе жатқан «Фольцваген - В6» көлігінің иесі «Ниваның» алдыңғы жағына соғылып, оның тұмсығын толығымен жұлып кеткен.
Мәскеу көшесіне жақын тұста болған жол-көлік апаты кезінде зардап шеккендер бар. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі оларды емханаға алып кетті.