Fonbet футболдан Қазақстан кубогінің титулдық демеушісі болады

Fonbet Қазақстан Кубогының титулдық демеушісі болып, турнир FONBET футболдан Қазақстан кубогы деген атқа ие болады. Келісімге қол қою туралы Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының президенті Рохус Шох пен Fonbet букмекерлік компаниясының Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі Сергей Анохиннің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
«Біз Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының осындай сенімді және ірі серіктес иеленгеніне өте қуаныштымыз. Fonbet бұл беделді, халықаралық мәртебесі бар, өзін шетелде де, әлемнің жетекші топ клубтарымен де танытқан танымал компания. Лига үшін бұл коммерциялық жаңа даму кезеңі. Бұл Қазақстан кубогы мен суперкубогына қатысудан түсетін қаржылық дивидендтерді айтарлықтай арттырады. Біз жаңа серіктеспен Қазақстан Кубогының мәртебесін де, оның беделін де арттырамыз деп сенеміз» - деді Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Рохус Шох.

ҚКФЛ Президенті бүгінде беттинг компаниялары бүкіл әлем бойынша түрлі спорт түрлерімен ынтымақтасып, олардың дамуына көмектесетінін айтты.
«Бұл біздің қазақстандық футболмен жұмыс істеудегі алғашқы тәжірибеміз. Біз өзімізге сенімдіміз. Сондай-ақ елімізде осы спорт түрінің сенімді серіктесі болғымыз келеді. Біз де, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы да бірдей құндылықтарды ұстанамыз. Қабілеттерімізге сенімдіміз, себебі бүкіл әлем бойынша үлкен жұмыс тәжірибеміз бен бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырған кәсіби штатымыз бар, - деді Қазақстандағы Fonbet өкілі Сергей Анохин.

Сергей Анохиннің айтуынша, компания жанкүйерлердің турнирге деген қызығушылығын арттыру үшін барын салады.
«Fonbet - әлемдік беттингтің көшбасшылары. Қазақстан Кубогын да, еліміздің футболын да жаңа қырынан көрсетуге барынша күш саламыз. Біз қызықты жобаларды дайындап жатырмыз. Кубок финалына аса қатты дайындаламыз. Біз бұған дейін қазақстандық футболда болмаған шоуды ұйымдастырып жатқанымызға сенімдімін», -деді Қазақстандағы Fonbet өкілі.
Оның айтуынша, компания Қазақстанда мәлімделген мақсаттарды іске асыру үшін, оның ішінде әлеуметтік футбол жобаларына қомақты қаражат салуға дайын.
Футболдан Қазақстан Кубогының уәде етілген жарқын финалын көрермен тамашалау үшін Сергей Анохин айтқандай, Fonbet қосымша «әдемі көріністі» қаржыландырады.

«Біз түрлі телеарналардағы әріптестермен жаңа хабар тарату мүмкіндіктерін ұсыну және Кубок финалын ұмытылмастай ету үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз Qazsport негізгі спорттық телехабар таратушысымен байланыстамыз және телебағдарламаны жаңғырту, жақсарту тақырыбында сөйлесеміз. Біз оған қосымша ақша құямыз деп айтқым келеді. Бізде телехабарларды жақсартуға белгілі бір қалаулар мен мүмкіндіктер бар»,-деді ресми өкіл.
Жақын арада FONBET Қазақстан Кубогының матчтары сәуірдің 19-ы еліміздің 8 қаласында өтеді.