Фонфара кіші Чавесті нокаутқа жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы кіші Хулио Сезар Чавес поляк боксшысы Анджей Фонфарадан оңбай ұтылды, деп жазады boxingnews.kz.

Фонфара кіші Чавесті нокаутқа жіберді

Польшалық былғары қолғап шебері жекпе-жекте Чавестің алдын орап, белсенді жұдырықтасып отырды, ал 8-ші раундта тіпті мексикалықты нокдаунға жіберді. Чавес аяғына тұра алғанымен, 9-раундта қатты соққылардың астында қалды. Осыдан кейін бапкерлер кездесуді аяқтауды жөн санады.

Кездесу АҚШ-тың Карлсон қаласында өткен болатын.