Forbes 2012 жылдың араб әлеміндегі ең ықпалды тұлғасын атады

Ол 2009 жылдан бері осымен төртінші жыл қатарынан араб әлеміндегі ең ықпалды тұлғасы ретінде танылып отыр. 2009 жылы ол 9-шы орынға жайғасқан болатын. Ол мұнайдың аса ірі қорына иелік ететіндіктен әлемдік экономика мен саяси процестерге еріксіз араласуына тура келеді. Сол себепті, ықпалы тұлғалардың қатарынан табылып отыр, деп хабарлайды muslim.kz.,
Бұған қоса, король көптеген жобаларымен, бастамаларымен кері кетіп, кенже қалған халқын алға сүйреп, әлемдік өзгерістерде өзіндік орны бар айбынды, алдыңғы қатарлы елге айналдыра білді. Сондай-ақ, соғыс пен төңкерістен көз ашпаған аймақтағы жағдай ушығып тұрса да елде тұрақсыздыққа жол бермегені де оның беделін көтергенін айта кету керек.
2012 жылдың ықпалды тұлғаларына қатысты рейтингте АҚШ президенті Барак Обаманың есімі тізімнің басында тұр. Одан кейін ГФР канцлері Ангела Меркелдің, ал үшінші орында РФ президенті Владимир Путиннің есімдері аталған. Өткен жылы бесінші орынды місе тұтқан Билл Гейтс тағы бір сатыға көтерілген. Бесінші орынға өткен жылы төртінші орында тұрған Рим Папасы Бенедикт ХҮІ жайғасқан.
Ең ықпалды ондықтың ішінде АҚШ-тың федералдық қорын басқаратын Бен Бернак (6-орын) пен Еуропалық Орталық банктің президенті Марио Драгидің (8-орын) есімдері жүр. Сондай-ақ, бұл топқа Қытай Компартиясының Бас хатшысы әрі ҚХР-дың болашақтағы төрағасы Си Цзиньпин мен Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон да қосылған.
Біле жүріңіз: Абдолла ибн Әбді Әзіз әл Сауд 1924 жылы, тамыздың 1-і күні Эр-Рияд қаласында дүниеге келген. Ол - король Әбді Әзіздің тұңғыш ұлы. 1982 жылдан бастап, тақ мұрагері атанып, ел премьерінің орынбасары болып қызмет атқарды. Ол 2005 жылы, тамыздың 1-і күні таққа отырды. Осылайша, ол осы елдегі алтыншы король атанды.
Сонымен қатар, оның есімі әлемдегі ең дәулетті билеуші ретінде белгілі. Оның байлығы шамамен 18 млрд долларды құрайды. Королдің 11 ұлы мен 8 қызы бар. Соңғы уақытта денсаулығы сыр беріп жүр: оған 2 жыл қатарынан 4 рет ота жасалды.