Forbes 2015 жылдың үздік смартфонын атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes журналы 2015 жылдың үздік смартфонын жариялады. Ол - Ұлыбританияда құрастырылған Wileyfox Swift смартфоны.
None
None

Бұл смартфон әйгілі Apple iPhone 6s Plus, Samsung Galaxy S6 Edge, Microsoft Lumia 950, BlackBarry Priv және Sony Xperia Z5 гаджеттерін басып озды.

Британдық смартфон қолданушыларынан тек оң баға алған. Техикалық сипаттамасы қарапайым болғанына қарамастан, смартфон өте жақсы жұмыс жасайды және басқа ұқсас смартфондарға қарағанда бағасы анағұрлым арзан.

Соңғы жаңалықтар