Forbes 2017 жылғы ең табысты фильмдерге түскен актерлердің рейтингін жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тізімде Форсаж" (The Fast and the Furious) фильмінің жұлдызы Вин Дизель  көш бастап тұр. Forbes рейтингі анықтағандай, Вин Дизель қатысқан фильмдер 1,6 млрд доллар қаржы жинаған. Екінші орында  - Дуэйн Джонсон. Оның көрсеткіші - 1,5 млрд доллар.
None
None

Екі актер үшін де прокаттан 1,2 млрд доллар ақша тапқан "Форсаж" (The Fast and the Furious) фильмі ең табысты болып тұр.

 Үздік үштікті Галь Гадот қорытындылады.  Оның қатысумен шыққан фильмдер прокатта  1,4 млрд доллар жинаған. Биыл көрерменге жол тартқан «Wonder Woman» картинасының өзі 820 млн доллар пайда тапты.

Үздік ондыққа кірген актерлер тізімі:

 Эмма Уотсон ($1,3 млрд), Джонни Депп ($1,1 млрд), Дэйзи Ридли ($1,08 млрд), Том Холланд ($888 млн), Крис Прэтт ($864 млн), Крис Хемсворт ($845 млн) и Джон Бойега ($815 млн).

Соңғы жаңалықтар