Forbes әлемдегі ең бай адамдарды атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Amazon онлайн-ритейлерінің негізін қалаушысы және басшысы Джефф Безос Forbes басылымы құрған әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде көш бастап тұр, деп хабарлайды РИА Новости.

Forbes әлемдегі ең бай адамдарды атады

Қазіргі таңда Безостың қазынасында 93,1 млрд АҚШ доллары бар. Ол Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстен 3,2 млрд долларға басып озды.

Дәулетті адамдар тізімінде үшінші орынға америкалық инвестор Уоррен Баффет орнықты.

Ал төртінші орында 77,9 млрд АҚШ доллары бар Zara брендінің қожайыны Амансио Ортега тұр. Бестікті Facebook-тің негізін қалаған Марк Цукерберг түйіндеді.