Forbes әлемдегі ең бай әйелдердің тізімін жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes әлемдегі ең бай әйелдердің тізімін жариялады. Рейтингті L'Oréal компаниясының тең меншік иесі, франциялық Лилиан Беттанкур басқарды. Оның дәулеті 36,1 млрд. долларға бағаланып отыр.

Forbes әлемдегі ең бай әйелдердің тізімін жариялады

Тізімде екінші орынды 32,3 млрд. доллар ақшасы бар Элис Уолтон еншіледі. Бір жыл бұрын Wal-Mart Stores бірлестігінің мұрагері рейтингте небәрі 16-шы орында тұрған.

Ең дәулетті әйелдер рейтингінде үшінші орында - Menarini фармацевтикалық компаниясының мұрагері, итальяндық Массимилиана Алеотти. Оның актьивтері 10,1 млрд. долларға бағаланып отыр.