Forbes әлемдегі ең беделді қалаларды анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes журналы әлемдегі ең беделді қалалардың тізімін жасады, деп хабарлады РБК.
Рейтингті жасаған кезде трансұлттық корпорациялар үшін қолжетімді қосалқы қызметтер болуы, сондай-ақ экономикалық ахуал да басты талаптардан болған.
Сонымен қатар, қалаларды бірнеше факторлар бойынша, оның ішінде шетел инвестицияларының саны бойынша да бағалады.
Сол шарттар бойынша, бірінші үштікке Лондон, Нью-Йорк және Париж қалалары кірсе, төртінші орында - Сингапур. Көшбасшылар бестігіне Токио ілініп, соңғы орында - Торонто қаласы.