Forbes: Әлемнің ең бай ақшалы алпауыттарының тізімін Мексика медиамагнаты Карлос Слим бастап тұр
АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Мексиканың медиамагнаты Карлос Слим Forbes журналының әлемнің бай адамдары бойынша жыл сайынғы тізімінің биігінде болды.
Бұл тізімнің басында үш жыл қатарынан тұрған 72 жастағы Слимнің қазына-мүлігін Forbes талдаушылары 69 миллиард долларға бағалады.
Тізімнің екінші және үшінші орындарында сондай-ақ үшінші жыл қатарынан Microsoft-тың негізін салушы Билл Гейтс пен қаржыгер Уоррен Баффет тұр. Өткен 12 ай бойынща Гейтстің қазына-мүлігі бес миллиард долларға көбейіп, 61 миллиардты құрады. Forbes талдаушыларының мәліметтерінше, Баффеттің 44 миллиард доллары бар.
Жалпы алғанда Forbes талдаушылары әлемнің 56 еліндегі жиынтық қазына-мүлкі 4,6 триллион долларды құрайтын 1226 миллиардер бар екендігін есептеп отыр.