Forbes Дженнифер Лоуренсті Голливуд киностудиясына ең көп табыс әкелген жұлдыз деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Forbes журналы жұма күні голливудтық киностудияға ең көп кіріс әкелген актерлердің биылғы жылғы тізімін жариялады.

Forbes Дженнифер Лоуренсті Голливуд киностудиясына ең көп табыс әкелген  жұлдыз деп атады

Рейтингте алғашқы орынды 24 жастағы Дженнифер Лоурен иеленді. Ол қатысқан фильмдер ағымдағы жылы әлемдік прокатта 1,4 млрд. доллар жинаған.

Лоуренс мұның алдындағы Forbes құрастырған ең көп ақы төленетін Голливуд актрисалары тізімінде екінші орында болған. Басылымның мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылғы маусым айынан 2014 жылғы маусым аралығында ол 34 млн. доллар қаржы тапқан. Ал бұл рейтингтегі бірінші орын кірісі 51 млн.-ды құраған Сандра Буллоктың еншісінде.