Forbes ең бай жазушыларды атады
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Forbes журналы ең бай жазушылардың жаңа тізімін жариялады, деп жазады Утро.ру.
Онда бірінші орынды осымен үшінші жыл қатарынан Джеймс Паттерсон иемденіп отыр, ол 2011-дің мамыры мен 2012-нің мамыры аралығында 94 миллион доллар пайда тапқан. Осы уақытта оның жаңа 14 романы жарық көрді.
Паттерсон негізінен триллерлер жазады, ал оны танымал еткен психолог Алекс Кросс туралы сериялы романдары болатын. Сондай-ақ, ол детектив жанры мен балалар әдебиетіне қалам тартқан қарымды жазушы болып есептеледі.
Ол 2011-2012 жылдары ағымдағы жылы тапқан табысынан 10 млн. долларға артық тапқан болатын. Ал оның бірінші сатыдан түспей тұруына Hachette Book Group баспа үйімен 2009 жылы жасасқан келісім шарты себеп болуда.
Екінші орынға осы жолы дарынымен көпті мойындатқан Стивен Кинг жайғасты. Атақты фантаст жазушы «11/22/63» атты жаңа романын шығарды және сегіз кітаптан тұратын «Қараңғы мұнара» атты кітаптар циклын да оқырман қауымға тарту етті.
Ең табысты жазушылар тізіміндегі үшінші орынды Джанет Иванович иеленді. Ол өзінің жазушылық карьерасын махаббат романдарын жазумен бастап, 1992 жылы детектив жанрына ауысқан еді. Оның кітаптарының негізгі кейіпкері Стефани Плам (неге екені белгісіз, ол кейіпкердің прототипі Роберт де Ниро болып табылады). Бір жылда Иванович 33 миллион доллар жинады.